Бос орындар

Құрылысшы - әрлеуші.

Міндеттері: объектілерде тікелей басшының басшылығымен құрылыс-монтаждау, әрлеу және ілеспе жөндеу жұмыстарын орындау.

Негізгі жұмыстардың жобалы тізбесі: демонтаж жұмыстары (жөндеу кезінде); сырлау жұмыстары (тегістеу, сырлау, тұсқағаздар және т.б.); тұтастыру, гидрооқшаулау, сылау, ГКТ-мен өңдеу, плитка, линолеум; есік, терезе, дайын аралық қабырғалар орнату; қасбет, шатыр және кіру топтарын жөндеу жұмыстары және т.б. Қойылатын талаптар: құрылыс-монтаждау, әрлеу және жөндеу жұмыстарын атқару машықтары; тапсырылған жұмысты орындауға жауапкершілікпен қарау;

Шарттары: ресми жұмысқа орналасу, тұрақты жалақы, толық жұмыс күні мен еңбек аптасы, спортпен тегін айналысу мүмкіндігі (бассейн, жаттығу залы және т.б.).

Техник – желдету жүйесінің жұмыскері (жылу технигі)

Міндеттері: желдету және ауаны баптау жүйесіне қызмет көрсету және ағымдағы ұсақ жөндеу.

Қойылатын талаптар: желдету және ауаны баптау жүйесіне қызмет көрсету мен жөндеуді білу және істей алу.

Шарттары: ресми жұмысқа орналасу, тұрақты жалақы, толық жұмыс күні мен еңбек аптасы, спортпен тегін айналысу мүмкіндігі (бассейн, жаттығу залы және т.б.).

Түйіндеме info@sk-alatau.kz электрондық поштасы мекенжайына қабылданады